Студопедия — Тапсырма №1. Гигиеналық зерттеу әдістері бойынша жағдайлық есептерді шешу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырма №1. Гигиеналық зерттеу әдістері бойынша жағдайлық есептерді шешу






Есеп № 1.

Бояу өндірісі цехында жұмыс зонасына ацетон, бензол, сонымен қатар, жылулық радиацияның көздері (жылынған қондырғыларынан шығатын инфрақызыл сәулелену) бар. Зауыт пен СЭҚ зертханасынан кезекті түрде жұмыс зонасының ауасынан ауадан сынама алынады. Мұнда ацетон мен бензолдың жоғарғы деңгейі анықталды. Олардың концентрациялары ШРЕК-тен 2-3 есе жоғары екендігі белгілі болды. Жылулық радиацияның интенсивтілігі норма шегінде. Ацетон және бензол орталық жүйке жүйесіне, қан жүйесіне, бауыр және басқа да ағзаларға әсер ететін у болып табылады. Өндіріс жұмысшыларын медициналық тексеру кезінде жоғарғы орталық жүйке жүйесінің, асқазан ішек жолдарының, қан аурушаңдылығының жоғарғы деңгейі анықталынды. Жұмыс зонасының ауасының ластануы технологиялық үрдістің бұзылуымен, желдету және жабдықтардың герметизациясының жеткіліксіздігімен байланысты екендігі анықталды.

Есептеу арқылы белгілі болды, кезекті алдын алу шараларын қолданбаған кезде, ластағыштар 3-4 жылдан соң нормативтен 5-6 есе жоғарылайды, ал аурушаңдылық 1,5-2 есеге жоғарылайды. Ауаның ластану деңгейін төмендету және кәсіптік аурулардың алдын алу үшін тиімді желдетуді ұйымдастыру, жабдықтарды герметизациялау, технологиялық үрдістерді жетілдіру, СИЗ міндетті түрде қолдану ұсынылды.

Сұрақтар:

1. Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2. Цехта гигиеналық жағдайды талдау барысында гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

3. Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылады?

4. Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды өңдеу үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылады?

6. Гигиенаның қандай әдісінің көмегі арқылы ацетон мен бензолдың ағзаға әсері бекітілді?

7. Перспектива бойынша гигиенаның болжамы бекітілді?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?

Есеп № 2.

Болат құю цехында зауыт зертханасының мәліметтері бойынша жұмыс зонасының ауасында күкірт пен азот тотықтары мен қос тотықтары, иісті газ табылған, бұлардың концентрациялары ШРЕК 2-3 есе жоғары. Болат ерітетін беткейлер бірнеше жүздеген градустарға дейін ысиды. Олардан шыққан жылу сәулелерінің қарқындылығы ШРЕК тен 2 есе жоғары. Цехта жаз айында ауа температурасы 38-39 градусқа дейін жетеді. Қарқынды шу, бұлардың деңгейі қалыптың жоғарғы деңгейіне жетеді. Күкірт пен азоттың тотықтары мен қос тотықтары көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабаттарына тітіркендіргіш әсер етеді, риниттерді, бронхиттерді, пневмонияны шақырады, токсикалық әсер көрсетеді. Иіс тигізіп уландыратын газ қанда карбоксигемоглобиннің түзілуіне және тіндерге оттегінің тасымалдануының бұзылуына әкеледі. Шу кохлеарлы аппараттқа деструктивті әсер көрсете, ал, жылулық радиация шектен тыс қызынуға және катарактаға әкеледі. Статистикалық зерттеулердің әдістері бойынша бірнеше жылдар бойына цехта жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпеде, ОЖЖ, ЖҚЖ аурушаңдылығының жоғары деңгейлері анықталды. Кезекті медициналық тексерулерді жүргізу барысында жұмысшылардың 20% созылмалы трахеиттер мен бронхиттер, 15%- миокардтың дистрофиясы, артериялық гипертензия, 18 % астениялық және астено-жүйкелік бұзылыстар, 10% - кереңдік байқалды. Зиянды әсерлердің әсер ету деңгейлерін төмендету үшін жабдықтарды герметизациялау, желдету тиімділігін жоғарылату, су жамылғыларын қолдану, қорғаныс көзілдіріктер мен арнайы киімдерді пайдалану қажет.

Сұрақтар:

1.Жұмысшыларға әсер ететін факторлардың табиғаты қандай?

2.Цехта гигиеналық жағдайды анализдеу кезінде гигиенаның қандай міндеті шешіледі?

3.Цехта гигиеналық жағдайларды бағалау кезінде гигиенаның қандай әдістері қолданылды?

4.Әрбір әдіс қандай мәліметтерді алу үшін қолданылды?

5. ШРЕК және ШРЕД дегеніміз не? Оларды дайындау үшін қандай гигиеналық әдістер қолданылды?

6. Ағзаға жылулық радиация мен ластағыштардың әсерін гигиенаның қандай әдістерімен анықталынды?

7. Келешекке гигиеналық жағдайға болжам жасалды ма, оның қорытындысы қандай?

8. Есептерде гигиенаның қандай міндеттері шешіледі?

9. Қазіргі уақытта жұмысшыларды медициналық тексерулерден өткізу санитарлық-эпидемиологиялық әдістің қай түріне жатады?

10. Алдыңғы жылдарда жұмысшылардың аурушаңдылығы бойынша мәліметтер санитарлық эпидемиологиялық әдістің қай түрінің көмегі арқылы алынды?

11. Цехта санитарлық бақылаудың қандай түрі жүргізілді, оның мақсаты қандай?

12. Берілген есептегі барлық шаралар мен міндеттер медицинаның қай бағытында берілген?







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 3070. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия