Студопедия — Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері






 

Даму бағытына орай педагогикалық технологияны Г.Селевко төмендегідей жіктейді:

- Биогендік технология. Адамның тегіне тарту. Бұл түсініктің біз Ж.Аймауытовтың «атавизм» деген ұғымымен өзектестігіне көз жеткіземіз. Олай болса, педагогикалық технология біз үшін XX ғасырдың 20-жылдарында өмірге келген. Сол тұжырымды «шегелеу» үшін Г.Селевконың зерттеу еңбегіне тоқталуды жөн көрдік.

- Әлеуметтік тек, әлеуметтік ортаға икемделген Адамның Тұлғалық дәрежеде қисындық білімін тәжірибеде қолдану шеберлігі. Бұл тұжырым да бізге таныс.

- Психогендік адамның дербестік қалпында алға жылжу үрдісін аңғаруы;

- Мұраттылық сипаты, Тұлғаның ұстанымына орай, алға қойған үлкен мақсатына жетудің жолдары. Ассоциативті - толғаныс тұжырымы Адамның миындағы қозу және тежелу сияқты қасиеттеріне бағынады:

- білім меңгеру икем, қабілет, іскерлігі. Ассоциотивті қарадүрсін мен күрделі құбылыстардың косындысы. Аталған қисын мынандай кезеңдерден тұрады:

а) материалды қабылдау;

ә) пайымдау, қайшылықты түйсіну;

б) есте сақтау, оны тұрақтандыру

в) тәжірибеде қолдану;

Қол жеткен табыстардың өзі келесі жағдайларда жүзеге асады:

1) оқитын, меңгерген субъекті жағынан белсенділікті сезіну;

2) ойлау әрекетін жаттығулар арқылы дамыту, бекіту;

3) өмірде оны қолдану.

Жоғарыда берілген тізбенің генезисін ашқан ғалымдар (Ресейде) И.М.Сеченов, И.П.Павлов, С.Л.Рубенштейн, Н.А.Менчинская, Д.Н.Богоявленский, Ю.А.Самарин, т.б.

Ойлау, пайымдау жүйесі жиылған ақпараттық нысандарды корытындылап, түйіндеп қабылдау, оған қатысты жаңа ұғымдарды меңгеру, оны өзінің лексикалық қорына бернелеу.

Г.Селевко басқа ғалымдарда кездеспейтін, бірақ оның анықтамасы негізі, қисыны құрылған (Э.Ториндайк, Д. Уотсон, Б. Скиннер және басқалары) жалпы ереже былай сипатталады: «ынталандыру – бекіту мен ғылымды тұрақтандырудың мұрындығы». Материалдық және моральдық әрекеттің дұрыстығы жайлы белгі.

Гештальт қисыны

 

Қабылдау әдісіндегі құбылысты тұтастықта түйсіну амалы. Мұның негізін қалаған ғалымдар: М. Ветргеймер, Г. Мюллер, В. Келлер, К. Кофка.

Пайымдау әрекетін қалыптастыру кезеңдерінің қисыны.

- Ақыл-ой, бағам-пайым әрекеттері кезеңдерінің қисыны. Мұның қисындық табиғатын ашқан ғалымдар - П.Я. Галытерин, Н.Ф. Талызина. Негізгі заңы – адамның ішкі-сыртқы әрекетінің өзгерісі. Мұның өзі интерриоризация, яғни адамның өз-өзін ішкі бақылауы арқылы өсу, даму карқынын межелеуі. Бұл қисынды біздер ұлы данышпан бабаларымыздың еңбектерінен кездестірдік. Ішкі бақылау бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Оның ішкі ойлау әрекетінің жоспары құрылып отырады. Іштей қабылдаған мағлұматтарын қорытындылайды, әңгімелейді, қысқартады, ішкі даяр жауаптың ең шыңына жеткен мүмкіндікке айналады, ол белгілі түрмен сыртқы ортаға белгілі болады.

Сыртқы ортаның құбылысымен танысады. Ә.Н.Б. бірнеше типке бөлінеді: толық, толық емес, басқа нұсқада.

Сыртқы сөйлесім кезеңі. Ішкі бақылаудың барлық кезеңдері ширатылған сәтте сөйлеу әрекеті автоматты дәрежеге жетеді.

Ішкі сөйлесім кезеңі. Іштей сөйлейтін сөзін алдын-ала әзірлейді.

 

Суггестив қисыны

 

Бұл құбылысты тек Г.Селевко еңбегінен кездестірдік. Педагогикалық технологияда бұл қисын өте қажетті болып табылады. Мен бұл ұғымды еңбегімнің өн бойына қолданып жүрмін. Оның генезисі осы еңбекте. Суггестив қисыны адамның меңгеруге тиісті білімі змоционалды және сергекті қалыпта жиылады. Мұның өзі еске сақтау қабілетін ең жоғары дәрежеге бағдарлайды.

Міне, осындай педагогикалық технологияның заңдылықтары мен қағидаларының қисынын айқындай отырып, әр кездегі ұтымды деген педагогикалық технологиялардың оңтайлы және көлеңкелі тұстарына тоқталады. Әрине, біз тек осы еңбек арқылы В.В. Давыдов пен Д.Б. Эльконин зерттеу нысандарымен танысып отырғанымыз жоқ. Десек те, Г.Селевко аталған зерттеушілердің тұжырымдарына көрнекі құралдардың көмегімен сабақ ету тек эвристикалы әдісті және оған орай эвристикалы деңгейді қалыптастыратынына ерекше тоқталған.

Ал біздің данышпан бабаларымыз адамның зиялы, не дамушылықтық ізгілікті моделіне жетуі үшін нәпсі мен Нұрлы ақыл-ойды қайшылықта алып, өзінің ерік-жігерін білім-ілім жиюға тәрбиелеуіне мән бергені жайлы толыққанды сипаттама-талдама жасалған сияқты. Олай болса, мұның өзі - әлемнің төрт бұрышында айтылып жатқан бір ой. Мұның генезисі сонау грек ғалымдарының құнды еңбектерінде екеніне көзіміз жетті.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1559. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия