Студопедия — ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ






 

«VIP-ГТ» ЖШС түгендеу жылдық түгендеу туралы бұйрық шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Бұйрықта көрсетілген белгілі мерзімде есептік жылға түгендеу жүргізілуі тиіс. Бұл түгендеуді директордың орвнбасары немесе бас бухгалтер ұйымдастырады. Осы лауазымды адам тугендеу жүргізілуінің комиссия төрағасы болып табылады. Осы жылдықтүгендеудің дұрыс және уақытылы орындалуын кәсіпорын басшысы қадағалайды.

Түгендеуді мынадай мерзімдерде:

1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;

2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;

3) ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді - мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес;

4) ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк қызметтерiнiң деректерi бойынша тиiстi шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есептi нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететiн екiншi деңгейлi банктердiң үзiндi жазбаларымен салыстыру жолымен - мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес жүргiзiледi;

5) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша бюджетке төленетін төлемдер бойынша, депоненттермен есеп айырысуларды - тоқсанына кемінде бір рет;

6) әр түрлі дебиторлармен және кредит берушілермен есеп айырысуларды - жылына екі реттен кем емес;

7) баланстың басқа да баптарын - 1 қаңтардағы жағдай бойынша - жүргізуге міндетті.

Бұрын жыл бойында жоспардан тыс тексеруге ұшыраған құндылықтар, сол сияқты белгіленген мерзімде түгендеуге жатады.

Түгендеу жүргізу үшін мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері белгіленеді.

Комиссия бас бухгалтердің тікелей қатысуымен мекеме қызметкерлерінің арасынан құрылады.

Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мекеме қызметкерлерінің арасынан кемінде 3 адам құрамында құрылады.

Түгендеу комиссиясын мекеменің басшысы немесе оның орынбасары басқарады.

Мекеменің басшысы белгіленген мерзімде есептеу объектілерінің іс жүзінде болуын толығымен және нақты тексеру үшін жағдайлар қамтамасыз етеді.

Үлкен номенклатуралық құндылығы бар мекемелерде аралық түгендеу кезеңінде мекеме басшысының өкімі бойынша материалдық құндылықтарды оларды сақтау және қайта өңдеу орындарында таңдаулы түгендеу жүргізіледі.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 981. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия