Студопедия — Стоматологиялық саймандардың, материалдардың, құрал-жабдықтардың сапасын бағалау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Стоматологиялық саймандардың, материалдардың, құрал-жабдықтардың сапасын бағалау






Тіс борлары мен тіс техникалық фрездері

Лупаның көмегімен бордың жұмыс бөлігінің кескіш жиегінің бүтіндігі тексеріледі. Кескіш қасиетін шойын пластинканы бірнеше рет (3-5) бұрғылап көру арқылы тексереді.

Қырлары бар түбір инелері

Иненің серпімділігін тексеру үшін оны 90°-қа майыстырады және қайтадан қалпына келтіреді. Сынау кезінде және сынаудан кейін ине сынып қалмауы керек.

Экскаваторлар

Тіс экскаваторларының беріктігін қатып қалған дентин мен сүйекті қырнап көру арқылы тексереді. Сынау кезінде жұмыс бөліктері майыспау керек, ал кескіш жиегі – үгітілмеуі және өткірлігін жоғалтпауы керек.

Тіс зондтары

Зондтардың икемділігін оның жүзіне аздап басып көру арқылы тексереді. Зонд пружиналанбауы керек және қалдық деформация бермеуі керек.

Тіс қысқыштары

Тіс қысқыштарының беріктігін диаметрі 8 м болатын мыстан жасалған сымды 20 кг күш жұмсап қысу арқылы арнайы приборда тексереді. Сынаудан кейін құлпы босаңсымауы керек және қысқыштың жұмыс бөлігінде қалдық деформация байқалмауы керек.

Тіс элеваторлары

Беріктігін тексеру үшін элеватордың лапкасын ағаш кесіндісіне енгізеді де, ұстайтын жеріне рычаг тәрізді әсер ете отырып ағаш қабатын сындырады. Сынаудан аяқтағаннан кейін сайманда қалдық деформация болмауы керек.

Коронканы кесуге арналған қайшы

Қайшының кескіш қасиетін қалыңдығы 0,3-0,5 мм болатын тот баспайтын болат пластинкасын кесіп көру арқылы тексереді. Қайшы металды барлық ұзындығы бойынша кесуі керек және жүзі өткірлігін жоғалтпауы керек.

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1. Акушерлік саймандар қалай жіктеледі?

2. Гинекологиялық саймандар қалай жіктеледі?

3. Нейрохирургиялық саймандар қалай жіктеледі?

4. Офтальмологиялық саймандар қалай жіктеледі?

5. Оториноларингологиялық саймандар қалай жіктеледі?

6. Стоматологиялық саймандар қалай жіктеледі?

7. Урологиялық саймандар қалай жіктеледі?

8. Литотрипторлар мен эвакуаторлардың конструкцияларының ерекшеліктерін көрсетіңдер.

9. Акушерлік, гинекологиялық саймандарға қандай техникалық және функционалдық талаптар қойылады?

10. Серпімді катетерлар мен буждарды стерильдеу үшін қандай әдіс қолданылады?

11. Кесетін ЛОР-саймандарды дайныдау үшін қандай материалдар қолданылады?

12. Трахеотомияға арналған жиынтыққа қандай саймандар кіреді?

13. Кесетін және қысатын офтальмологиялық саймандардың сапасы қандай әдістермен бағаланады?

14. Нейрохирургиялық кесетін саймандардың сапасын бағалау қалай жүргізіледі?

15. Урологиялық саймандардың функционалдық қасиетін сынау.

 

ТАҚЫРЫП: ҚАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САЙМАНДАРДЫҢ ТАУАРЛЫҚ ТАЛДАУЫ

МАҚСАТЫ: Тіндерді біріктіруге арналған тігу материалдары мен хирургиялық инелерге тауарлық талдау жүргізу бойынша кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.

 

Студент білу керек:

· тігу материалдарының жіктелуін;

· сіңетін тігу материалдарының тауарлық түрлерін;

· сіңбейтін тігу материалдарының тауарлық түрлерін;

· хирургиялық инелердің жіктелуін.

Студент орындай білуі керек:

· тігу материалдарының сапасына бағалау жүргізуді;

· хирургиялық инелердің сапасына бағалау жүргізуді;

· тігу материалдары мен хирургиялық инелерге тауарлық талдауды жүргізуді;

· сараптама актін рәсімдеуді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Ситуациялық есептер:

1 тапсырма. Тігу материалдары мен хирургиялық инелердің жіктелуін схема түрінде көрсетіңдер.

2 тапсырма. Оқытушы ұсынған үлгіге тауарлық талдауды жүргізу және тауарлық сараптама актін толтыру.

1 этап. Тауардың жіктелу тобын анықтау.

3 этап. Тауар түрін идентификациялау.

3 этап. Тауардың типтік мөлшерін анықтау.

4 этап. Талданатын тауардың сапасын анықтау.

5 этап. Тауардың жарамдылығы туралы қорытынды беру.

6 этап. Тауарлық сараптама актін рәсімдеу.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 344. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия