Студопедия — Дайын өнімнің сипаттамасы: сапасына қойылатын талаптар және медицинада қолданылуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дайын өнімнің сипаттамасы: сапасына қойылатын талаптар және медицинада қолданылуы






НАТРИЯ ПАРА-АМИНОСАЛИЦИЛАТ (Natrii para-aminosalicylas). Натрий 4-амино-2-окси-бензонаты, немесе пара-аминосалицил қышқылының натрий тұзы.

Синонимдері: ПАСК-натрий, Aminacyl, Aminopar, Aminosalyl, Aminox, Apacil, Bactylan, Eupasal, Natrium para-aminosalicylicum, Pamisyl, Paramisan, Para-Pas, Parasal, Pasalicylum solubile, Propasa, Tebaminal, Teebacin, Tubopas, Wofapas және т.б.

Ақ немесе сәл сарғыш немесе сәл күлгін реңкі бар ұсақ кристаллды ұнтақ. Суда оңай, спиртте ауыр ериді. Пара-аминосалицил қышқылы және натрий тұзы (қысқаша ПАСК) туберкулездің микробактерияларына қатысты бактериостатикалық белсенділікке ие және негізгі туберкулезге қарсы препараттардың қатарына жатады.

Ішке қабылдау кезінде, ПАСК жақсы сорылады және қан сарысуы мен ішкі органдардың тініне еніп кетеді.

Туберкулостатикалық белсенділігі бойынша ПАСК изоназид және стрептомициннен әлсіздеу, сондықтан оны басқа да белсендірек туберкулезге қарсы препараттармен араластырады (изоназид және басқа да изоникотиндік қышқылдың гидразидінің, циклосериннің, канамициннің және т.б. препараттар). Аралас терапия дәрілік тұрақтылықтың дамуын баяулатады және сәйкес препараттардың әсерін күшейтеді.

ПАСК басқа да препараттармен араласқанда туберкулездің әр түрлі формасы және оқшаулануларында тиімді.

ПАСК-ті ішке қолдануға ұнтақ, таблеткалар (драже) немесе түйіршік күйінде үлкендерге тәулігіне 9-12г (күніне 3-4г 3реттен), балаларға - 0,2г/кг тәулігіне 3-4 рет қабылдауға тағайындалады. Тамақтан кейін ½ -1 сағаттан кейін қолданады, артынан сүт, минерал су, 0,5-2% натрий гидрокарбонатының ерітіндісін ішеді.

Әлсіреу ересек ауруларға (дене массасы 50 кгдан төмен), сонымен қатар дәріні нашар көтеретін адамдарға тәулігіне 6г дозасында ішу керек.

Амбулаторлық тәжірибеде 1 қабылдауға тәуліктік дозаны белгілеуге болады, алайда дәріні көтере алмайтын жағдайда тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөледі.

Натрий пара-аминосалицилатын ішке қабылдау үшін келесі дәрілік формаларда қолданады: а) ұнтақ; б) таблетка (ақ түсті немесе сарғыш немесе күлгін реңкті ақ); в) асқазанда еритін таблеткалар (қызғылт сары- қызыл түсті); г) қабықшамен қапталған таблеткалар (ашық сирен түсті немесе күлгін реңкті ашық сирен түсті); д) 1 бөлігінде натрий пара-аминосалицилаты және 2 бөлігінде қант бар түйіршіктер (ашық сарыдан жасылдау сары түске дейін); е) екпеге арналған ерітінді. Түйіршіктер таза ПАСК-қа қарағанда жеңіл. Бір шай қасығына 6 г түйіршік сыйады, ол 2г натрий пара-аминосалицилаты және 4 г қантқа сәйкес келеді. Күніне 3 рет 1 немесе 2 шай қасықтан қабылдай отырып, ауыру күнінен 6 немесе 12г натрий пара-аминосалицилатын алады.

ПАСК қолдану кезінде кері әсерлері болуы мүмкін. Ең жиі кездесетіндері асқазан-ішек бұзылулары: тәбеттің нашарлауы (немесе жоғалуы), жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту немесе іш қату. Бұл құбылыстар әдетте дозаны төмендету немесе емдеуді қысқа уақытқа тоқтатқан жағдайда төмендейді, олар дұрыс тамақтану режимінде аз кездеседі, ал кейде препараттарды түйіршік ретінде қабылдау кезінде де байқалмауы мүмкін. Қарапайым таблеткаларға қарағанда ішекте еритін натрий пара-аминосалицилаты таблеткалары жақсырақ болып табылады (Tabulettae Natrii para-aminosalycilatis 0, 5 enterosolubies).

Натрий пара-аминосалицилатын қолдану кезінде сонымен қатар аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін: есекжем немесе қызылкүрең түріндегі дерматиттер, энантемалар, астматикалық құбылыстар, эозинфилия, буын ауырулары. Жекелеген жағдайларда бауырдың үлкеюі және ауыруы мүмкін.

Аллергиялық құбылыстардың сипаты мен көрінісіне байланысты препаратты қабылдауды уақытша немесе толықтай тоқтату керек; гистаминге қарсы препараттар,кальций хлориды, аскорбин қыщқылы, ал ұзақ аллергиялық реакцияларда- кортикостероидты гармондар тағайындалады.

Емделу барысында қан мен зәр және бауырдың жағдайын жүйеле түрде бақылап отыру керек.

Үлкен мөлшерде ПАСК антитиреодинді әрекет көрсетеді, ұзақ қолданған жағдайда зобогендік эффект пайда болуы мүмкін. ПАСКтің бұл қабілетін егер ауру адамда қалқанша безінің гипофункциясы болған жағдайда ескеру керек.

Қарсы көрсетілімдер: бүйректің, бауырдың анық потологиясы (нефрит, гепатит, цирроз), амилиодоз, асқазан жарасы, микседема.

Асқазан-ішек жолының айқын патологиясы бар ауруларға абайлаған жөн.

Венаішілік екпелер үшін натрий пара-аминосалицилатының екпеге арналған 3 % ерітіндісін (Solutio Natrii para-aminosalicylatis 3 % pro injectionibus), құрамында консерванты бар,натрий пара-аминосалицил қышқылының натрий тұзының судағы ерітіндісін қолданады.

Стерильді түссіз, иіссіз сұйықтық; рН ерітіндісі 6,8-8,1; 30 минут ішінде +100 ⁰С градуста стерильдейді.

Венаішілік енгізу кезінде натрий пара-аминосалицилатының қандағы жоғары концентрациясын алуға болады, осыған байланысты химиотерапиялық эффект күшейеді.

Қажет болған жағдайда натрий пара-аминосалицилатының ерітіндісі изоназид ерітіндісімен бірге тағайындайды.

Ерітіндіні туберкулездің белсенді асқыну формалары, негізінен өкпенің созылмалы фиброзды-кавернозды туберкулезына қолданады, бұрын бұл ауру түрлері туберкулезге қарсы препараттардың сәтсіз қосылыстарымен емделіп келді.

Натрий пара-аминосалицилатының ерітіндісін венаға тамшылата енгізеді. Минутына 30 тамшыдан бастап және 15 минуттан кейін, жергілікті және жалпы реакция болмаған жағдайда 40-60 минутқа дейін арттырады. Бірінші құю кезінде 250млден көп емес ерітінді енгізіледі, ал кері әсері болмаған жағдайда – 500мл ерітіндіге дейін енгізеді.

Құюды аптасына 5-6 мәрте немесе күн аралатып жасайды (ПАСК ішке қабылдаумен кезектестіре отырып). Емдеу курсы әдетте 1-2 ай, сирек жағдайда одан да көпке созылады.

Натрий пара-аминосалицилатының 3 % ерітіндісін вена ішіне дәрігердің мұқият қадағалауымен енгізеді. Гематомалар мен флебиттердің пайда болу мүмкіндігін ескеру керек, бұл асқынулардың алдын алу үшін жұқа инелер алу керек, ерітіндіні венаға енгізуді кезектестіре жасау керек. Кейде ыстықтың, дене температурасының көтерілуі, диспепсиялық құбылыстар, улыаллергиялық реакциялар пайда болады. Енгізу техникасын бұзған жағдайда (тез енгізу, жүйені жеткілікті тазаламау) есеңгіреу пайда болуы мүмкін,бұл жағдайларда құюды тоқтатып, морфин ерітіндісін және жүрек дәрілерін енгізеді.

Вена ішіне ерітіндіні енгізуге гепатит, нефрозонефрит, микседемада, ІІ және ІІІ кезеңдегі жүрек –қан тамырлары жетіспеушілігінде, күрделі атеросклерозда, тромбофлебиттерде, қан ұйығыштығының бұзылуында тыйым салынады.

Шығарылу формасы: 250 немесе 500мл құтыда 3% ерітінді.

Сақтау; ұнтақ және түйіршіктерді - қызғылт сары әйнекті жақсы тығындалған банкаларда; таблеткаларды - жақсы тығындалған ыдыста, барлық дәрілік формаларды жарықтан қорғалған орындарда.

Айқындығын жоғалтқан немесе түсін өзгерткен ерітінділер қолдануға жарамсыз болып табылады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 202. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия