Студопедия — ОСАЛҚЫ СТАНЦИЯНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ЖАЛҒАНУЛАРЫНЫҢ БАС СХЕМАСЫН ДАЙЫНДАУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ОСАЛҚЫ СТАНЦИЯНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ЖАЛҒАНУЛАРЫНЫҢ БАС СХЕМАСЫН ДАЙЫНДАУ






 

Жалғанулардың бас схемасының сызбасында: трансформаторлар күштік және СН, шықпалық желілер, барлық кернеулі тарату құрылғыларындағы жинақтаушы шиналар, сөндіргіштер, ажыратқыштар, бөлгіштер, қысқа тұйықтағыштар, реакторлар, сақтандырғыштар және тарату құрылғысының токөткізгіш бөліктері болуы тиіс. Сонымен қатар онда бас құрылғының жанында оған тиісті қадағалаушы-өлшегіш құралдар көрсетілуі керек.

Бас схемалар бір сызықты орындалуда, қондырғының барлық элементтері сөндірулі жағдайда көрсетіледі.

Схеманың барлық элементтері және олардың арасындағы байланыстар ЕСКД-ға сәйкес көрсетіледі. Қажеттілікке байланысты сұлбалық белгілерде ұсынылатын МЕСТ-термен салыстырғанда пропорционалды түрде үлкейту және кішірейту қарастырылған.

Сызбадағы сұлбалық белгілер оқуға ыңғайлы, анық, мүмкіндігінше қиылысулар саны минималды, парақта біркелкі толтырылуы тиіс.

Күштік трансформаторлар орамдарының орамдарының байланысу схемаларымен бейнеленеді. Жалпы күштік трансформаторлар Y/∆-11 байланыс тобына ие. Күштік трансформаторлардың нөлдік шықпалары жүйе нейтралінің жұмыс режиміне сәйкес келетін схемасы арқылы жерге жалғанады. 110-220 кВ күштік трансформаторларының нөлдік нүктелері ажыратқыш арқылы жерлендіріледі. Көрсетілген трансформатордың нөлдік шықпаларын оқшаулау оқшауланған нейтральмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндіктен, қосалқы станция трансформаторының бөлігіндегі жекеленген жағдайлардағы бірфазалық қысқа тұйықталу шамасын азайту үшін олардың нейтральдары ажыратылады. Мұндай жұмыс режимінде трансформаторды асқын атмосфералық кернеуден қорғау үшін ажыратқышқа параллель қосылатын асқын кернеуді шектегіш қарастырылуы керек. Көрсетілген ажыратқыштар мен асқын кернеу шектегішін таңдауда олардың жұмыс кернеуі жоғарғы кернеу жақ бөлігінің кернеуінен 1класс төмен алынады.

Жинақтаушы шиналарға жалғану, асқын қуат ағынын болдырмайтындай етіп орындалады. Сондықтан трансформатордың жалғанулары шығатын желілермен кезектесуі тиіс, ал шина біріктіруші ажыратқыштар шинаның ортаңғы бөлігінде орналасады. Мұнда асқын кернеу шектегіші және арнайы қорапшасыз трансформаторлар орналастырылады. Секцияланған шиналар жүйесіндегі жалғанулар секциялардағыжүктеме бірдей болатындац етіп орналастырылады. Үлкен көлемдегі жинақтаушы шиналардың және сызықтық реакторлардың топтық жиынтығында әр секциядағы бір типті жалғануларда тек 2-3 жалғануларды көрсету рұқсат етіледі, бұл жағдайда шиналардағы ажырау орнын бейнелейді, ал нақты байланыстар саны жазумен көрсетіледі.

Электрлік қосалқы станциялардағы қондырғылардың жөндеу жұмыстарын жүргізуде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жөнделетін тізбекті сөндіріп, көрінетін ажырау мен жерлендіру жасау керек. Бұл сөндіогіштер мен жерлендіргіш пышақтары бар ажыратқыштар көмегімен орындалады.

Байланыстардың тізбектегі орналасуы мен саны олардың мәні арқылы анықталады. Ажыратқыштардың жерлендіргіш пышақтарын орналастыру орны қосалқы станциядағы жөндеу кезіндегі жерлендіру мүмкіндігіне байланысты алынады. Әдетте жерлендіргіш пышақтар сызықтық ажыратқыштарда екі жақтан қарастырылады, шиналық ажыратқыштардыкернеу трансформаторларында және секциялық сөндіргіштің секциясындағы ажыратқыштарда. Басқа байланыстағы шиналық ажыратқыштарда жерлендіргіш пышақтар тек қана сөндіргіш жағында орналасады.

Өлшегіш ток трансформаторлары ТА жерлендірілген нейтральді желілерде схеманың әр тізбегіндегі үш фазаларда орналасады. Оқшауланған нейтральді қондырғыларда ТА екі фазада қарастырылған, егер қолданыстағы релелік қорғаныс түрлерінің қоректенуі үш фазалық болмаса.

Кернеуі 6-20 кВ әрбір ТА екі екіншілік орамамен орындалады,35-110 кВ – үш, 220 кВ – төрт.

Әр тізбектегі ТА шамасы [5,c.295] арқылы анықталады және тізбектің орналасуынан, қорғаныс түрінен және т.б. факторлардан тәуелді.

Әдетте қосалқы станцияларда аппараттарға орнатылған ТА қолданылады. Олар трансформаторлар және автотрансформаторлардың нөлдік шықпаларында бар. Одан басқа, орнатылған ТА 35кВ және одан жоғары мацлы ажыратқыштарда жіне күштік және автотрансформаторлардың кірістерінде орналастыру қарастырылған.

Сөндіргішке орнатылған ТА схемада сондіргіштің екі жағынан көрсетіледі.

Жеткіліксіз ТА жекелей орналастырылады. Бұл жағдайда олардың орналасу орны оларды жөндеуге шығару тізбек сөндіргішімен бірге жүзеге асатындай етіп таңдалады.

Кернеу трансформаторлары TV әдетте орналастырылады:

- Барлық кернеулі жинақтағыш шиналарда – НТМИ, НАМИТ типтес бір бес стерженьді немесе ЗНОЛ типті бірфазалық жиынтық.

- Сызықтық реакторларда – екі бір фазалық TV, толық емес үшбұрыш схемасына қосылған.

Бас схемада оқшауламаны атмосфералық және коммутациялық асқын

кернеуден қорғауды қарастыру керек.

330кВ және одан төмен тарату құрылғысындағы коммутациялық асқын

кернеу жоғары кернеулі тарату құрылғысындағы трансформатордың нейтралін жерлендірудің рационалды түрінде шектеледі – шунттаушы кедергісі бар сөндіргіштерді қолдану, коммутациялық разоядниктерді және көлденең компенсациялы искралық жалғанған реакторларды.

Кернеуі 330кВ дейінгі тарату құрылғыларында асқын кернеу шектегіші жинақтағыш шиналарда орналастырылып, оларға TV-мен бірге қарапацым ажыратқыш арқылы жалғанады. Одан басқа асқын кернеу шектегіші трансформатордың жоғарғы және орташа кернеулі шықпаларында тарату құрылғысынан 16 метр қашықтықта орналастырылады.

35кВ және одан жоғары электр беріліс желілерінің шықпалық желілерінде жоғары жиілікті өңдеу аппараттары ЭБЖ откізгіштерінде байланыс каналдарын әр фазада құру үшін орналастырылады.

39-41

 

Байланыс конденсаторы қабылдағыштан желіге жоғары жиілік токтар үшін жол құрап, сол уақытта қабылдағышты желінің өнеркісіп жиілігінің жоғары қуатынан бөліп шығарады. Байланыс конденсаторларының типтерінің біріне СМР-55/3-0,044 типті қағазды-майлы конденсаторлар жатады. 111 кВ желілерінде, дәйекті қосылатын осындай екі элемент орнатылады, 220 кВ желілерінде – төртеу.

Қосылу филтрі жоғары сапалы кабелдің кіру кедергісін желінің кіру кедергесімен үйлестіреді, байланыс конденсаторын жермен қосады, осылайша жоғары жиілік токтар үшін жабық контурды құрайды. Өнеркәсіп шығаратын ОФП-4 қосылу филтрі, 50.... 300 кГц жиіліктерін қамтитын үш диапазонға дайындалады.

Бөгеуші жоғары жиілік токтардың желі шегінен шығуын бөгеттейді. Отандық өнеркәсіп шығаратын КЗ-500 бөгеушілері, 50.... 300 кГЦ икемдеу шегімен 700 А жұмыс тогына арналған.

Барлық үш фазаның жоғары жиілігін ЛЭП 330 кВ және одан да жоғарыда өңдейді. Одан кіші қуатта екі, сирек – бір фазада өңделеді.

Жоғары жиілік өңдеудің аппараттарды қосу сызбалары [5, 475-б.] көрсетілген.

Жобалау басында сызбаға, жобаның келесі тарауларын орындау барысында анықталған барлық толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі.

Бас сызбаның чертежында, аппараттардың шартты белгілеулердің қасында, олардан оң және сол жақта, түрлердің номенклатурлық белгілеулері, номиналды параметрлері және басқа да сипаттамалар келтірілген. Жазулардың бәрін, өнеркәсіп мекемелерде орнатылғандай, олар сызбаны қараңғылатпау үшін, «шектердің ішіне» шығару ұсынылады. Жазулар әр типті бір рет қосу үшін орындалады.

Жинақталған шиналардың номиналды қуаттылығы, материал мен олардың кесігі көрсетіледі. Ток сымдарында – түрі, материалы және ток өткізуші бөлігінің кесігі.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1266. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.027 сек.) русская версия | украинская версия