Студопедия — Эритроциттердің тұну жылдамдығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Эритроциттердің тұну жылдамдығы






Бұл салада алғашқы жетістіктер поляк терапевті Эдмунд Бернацкийге (1856–1911) тиесілі. Ол 1894 жылы эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау әдісін ойлап тапты. Ол паталогиялық жағдайда (гиперфибриногенемия, электролиттердің концентрацииясының өзгеруі), эритроциттердің тұну жылдамдығын арттыру механизмі туралы қызықты ой білдірді. Э. Бернацкийдің еңбегін білмей, швед Р. Фареус 1917 жылы Стокгольмде өткен хирургтар мен гинекологтардың съезінде жүктілік кезінде эритроциттердің тұну жылдамдығы артатыны туралы хабарлады. Алғашында акушерствада және гинекологияда қолданылған бұл тест олардың шектерінен шыға бастады, кейін ол фтизиатрияда кеңінен қолданыла бастады және кейіннен қабыну белсенділігінің объективті критериі ретінде қолданылды.

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау үшін Халықаралық стандарттау комитетімен гематологияда Вестергрен1 әдісі (плазма бағанының биіктігі) ұсынылды. Ресейде Панченков микро әдісі2 кең таралған. Әдістердің бәрі де қарапайым, бірақ орындалуы үшін 1 сағат уақыт кетеді және қолмен жасалады.

Айналымдағы қанда эритроциттер теріс электр зарядты, сондықтан, бір-бірінен тебіледі. Эритроциттердің тұну жылдамдығының феномені үш фазадан тұрады:

- ауырлық күші әсерінен бөлек жасушалардың ақырын тұнуы;

- эритроцитарлы агломераттың пайда болуы («тиын бағанасы»), кейіннен тұну үдейді;

- эритроцит агломераттарының тұну жылдамдығы төмендеп, ақырында тоқтап, қоймалжың қалыпқа келеді.

Осыған байланысты, ЭТЖ уақытқа сызықты тәуелді емес, сондықтан бұл процесті кемінде жарты сағат қана өткізіп, алынған жауапты 2-ге көбейтуге болмайды!

ЭТЖ спецификалық көрсеткіш болып табылмайды, дегенмен, оның ұлғаюы патологиялық өзгерістің бар екендігін көрсетеді. ЭТЖ-ның өзгеру механизмі осы уақытқа дейін анықталмаған. Бұл процесті түсіндіру үшін 60-қа жуық концепциялар келтірілген. ЭТЖ барлық қабыну процестері кезінде ұлғаяды. ЭТЖ-ның тез арада төмендеуі қанның қоймалжыңдануында (сусыздануда) көрінеді.

ЭТЖ физиологиялық және патологиялық үрдістер кезінде өзгеріп отырады. Қан плазмасының белоктық құрылымы эритроциттерден «тиын бағанасының» түзілуіне әсер ететін негізгі фактор болып табылады. Барлық белок молекулалары эритроциттерге өзара тебілу қасиетін беретін электрлік зарядты төмендетеді.

ЭТЖ көрсеткіші жынысқа және жасқа тәуелді (7-3 кестені қараңыз). Жаңа туылған сәбилерде ЭТЖ төмен, 2 мм/сағ. құрайды, бұл жоғары гематокрит пен қан құрамындағы глобулиндердің аз мөлшеріне байланысты. Туылғаннан 4 аптадан кейін ЭТЖ біршама ұлғаяды, 2 жаста 4-17 мм/сағ. жетеді.

 

[1] ЭТЖ ны Вестерген әдісі бойынша анықтау үшін веноздық қан керек, 3,8 % цитрат натриямен алынған 4:1 қатынасында немесе ЭДТАмен (1,5 мг/мл) және содан кейін цитрат натриямен немесе физиологиялық ерітіндімен 4:1қатынасында араластырылған. ЭТЖны санау арнайы Вестергрен пипеткасында қуысы 2,4–2,5 мм және бұршақталған шкаласымен 200 мм саналады.

[1] Панченкова аппараты қолданылады, ол штативтен және шкаласы 100 мм капиллярлы пипеткадан тұрады. Панченкова әдісі бойынша ЭТЖның көлемі 30 мм дейін Вестергрена әдісіндегі көлемге сәйкес келеді.

Қарт адамдарда, ер адамдарда ЭТЖ-ның қалыпты көрсеткіші 2-38мм/сағ, әйел адамдарда 2-53 мм/сағ. Аталмыш көрсеткіштерді білмеу ЭТЖ «артуының» себебін анықтау үшін негізсіз диагностикалық тексерулер жүргізудің негізі болады.

Қабыну процестерінің әсерінен глобулиндердің көбеюі ЭТЖ-ның ұлғаюына әкеледі. Жіті қабыну процестері кезінде эритроцит агломераттарының түзілуінде фибриноген, С-реактивті белок, орозомукоид, -антитрипсин, церулоплазмин, гаптоглобин маңызды қызмет атқарады. Жіті қабыну процестері мен жұқпалы аурулар кезінде лейкоцитоз бен жоғары температура көрініс бергенде бір немесе бірнеше күннен кейін ЭТЖ-ның ұлғаюы басталады.

Американың ревматологиялық ассоциациясында ЭТЖ ревматикалық аурулардың қабыну белсенділігіне байланысты маңызды индикатордың бірі ретінде формальді критерийлердің құрамына кіреді. Фтизиатрияда, нефротикалық синдроммен қоса нефрологияда ЭТЖ маңызды болжамға ие. Қатерлі ісіктер ақуыздар бұзылуының дәрежесіне байланысты ЭТЖ-ның жоғарылауымен қатар жүреді. Парапротеинемияның; көптеген түрлерінде (миелома, Валденстрёмның макроглобулинемиясы, криоглобулинемия) эритроциттердің тұну жылдамдығы максималды шекке (алғашқы 15 минутта 70 мм) жетеді. Бауыры ауыратын науқастарда ЭТЖ «альбумин/глобулин» қатынасына тура пропорционал, қан сарысуындағы билирубин мен өт қышқылына кері пропорционал болады. Диспротеинемияға қарамастан, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары кезінде полицитемия мен гиперкапнияның әсерінен ЭТЖ жиі төмендейді.

Тұнуды эритроцит санының азаюы жылдамдатады, ал эритроцит санының көбеюі – бәсеңдетеді. Анизоцитоз бен сферцитоз эритроцит агрегациясын тежейді. Макроциттер массасына байланысты электр зарядына ие болады, сондықтан олар тез тұнады.

ЭТЖ жүктілік және стресс кезінде жылдамдайды. Стероидты гормондар (эстрогендер, глюкокортикоидтар) және басқа да дәрілік заттар (салицилаттар) ЭТЖ-ны ұлғайтады.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 14051. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.023 сек.) русская версия | украинская версия