Студопедия — Тақырып. Бәсеке және монополия.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Бәсеке және монополия.






1. Бәсеке – нарықтың басты категориясы.

2. Бәсекелік күрес түрлері. Жетілген және жетілмеген бәсеке.

3. Монополия. Монополияға қарсы саясат.

 

1) Нарықтық экономимканың негізгі ерекшелігі- таңдау еркіндігі. Бірақ таңдау еркіндігі экономикалық сәттілікті қамтамасыз етед, оған бәсекелік күрес әкеледі.

Бәсеке - (латыннан- тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы жағдайларына тай-таласы. Бәсеке баға, сұраныс, ұсынс сияқты нарықтың элементі болып табылады, оның маңызды категориясы. Бәсеке- катал құбылыс болып табылады. Оның келесі жағымсыз жақтары бар:

· қалпына келмейін ресурстар ұтымсыз пайдаланаады;

· көпшілік тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін қамтамасыз етпейді (қоғамдық көлік, дол және т.б.);

· ғылым, білім саласының дамуына жағдайлар тудырмайды;

· қоғамның кластарға бөлінуіне, әлеуметтік әділетсіздіктің пайда болуына кедергі жасайтын механизмі жоқ.

Жағымды жақтары:

· өндірушілерді өндірістің өзгермелі жағдайларына жалдам бейімделуіне итермелейді;

· өндірушілермен тұтынушыларға еркін таңдау және әрекет етуді қамтамасыз етеді;

· жаңа техника мен технологияның еңгілізуін қамтамасыз етеді;

· өндірушілерді әро түрліқажеттіліктерді қанағаттандыруға итермелейді, тауарлар мен қызметтер сапасын арттырады.

Сонымен қоса әділетсіз де бәсеге боладыю

Әділетсіз бәсеке - нарықта ғы бәсеке құқығымен нормаларын бұзумен байланысты бәсекелік күрес әдістері. Олар: бағалар демпингі, бәсекелестің қызметіне бақылау жүргізу, бәсекелестер дискриминациясы. Бәсекенің бұл түрі заңмен рұқсат етілмейді және қудаланады.

2) Бәсеке әр түрлі нысандарда болуы мүмкін:

1. Салааралық (әр түрлі салалардағы тауарлар арасында) және сала ішілік (ұқсас таурлар арасында);

2. Бағалық және бағалық емес;

3. Жетілген және жетілмеген.

Бағалық бәсеке - тауарлар мен қызметтерді бәскекелес бағасынан төмен бағамен

сатуды туындайды. Ол үшін шығындар немесе пайда көлемі азайтылады.

Бағалық емес бәсеке – техникалық жетістіктер арқасында неғұрлым сапалы және

сенімді тауарлар сатуға негізделген. Бұл келесі шараларды жүргізуді білдіреді: өнім дифференциаяциясы, өткізу арқылы өнім диффиерециацися, жаңа тауарлы маркалар бәсекесі.

Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсек е бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:

1. нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- біріен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмететеді;

2. айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;

3. сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;

4. нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.

Жетілген бәсекеге толығымен жету мүмкін емес, оған тек жақын болуға болады,

жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті шоғырландыру процесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияның;пайда болуына әкелді.

Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.

 

3) Монополия - жекеленген өндіруші нарықты үстемдік етіп, осы тауар нарығын бақылауға алғанда пайда болады.

Монополияның мақсаты - нарықта өндіріс көлемімен бағаны бақылау арқылы максималды мүмкін табысты алу.

Монополия бірнеше кәсіпорындардың бірігуінің арқасында болады, олардың келесідей ұйымдық нысандары бар:

· картель- өндірілетін өнім көлемінің квотасы және сату нарықтарын бөлу туралы келісім;

· синдикат - өнімді өткізуді бірлесіп ұйымдастыру мақсатымен бірігу;

· трест - монополия, оған кіретін фирмалар меншігін, өндірісін және өнім өткізуін біріктіреді;

· концерн - әр түрлі салаларда фирмалар, олардың ортақ технологиясы, бірлескен қаржы орталығы бар;

· конгломерат - ірі корпорациялардың өз қызметімен байланысы жоқ салаларға енуге негізделген бірлестік.

Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген етеді, демек бәсеке монополиялық немесе жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілмеген бәсеке нарығы - еркін бәсеке нарығының ең болмағанда бір жағдайы орындалмайтын нарық.

Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:

1. Монополиялық бәсеке

2. Олигополиялық бәсеке

3. Таза монополия.

Э.Чемберлин Дж. Робинсон, Дж.Хикс жетілмеген бәсеке механизмін зерттеуге үлкен үлестерін қосты. Талицада бәсеке түрлері мен нарықтық құрылымдар берілген.

 

Бәсеке түрлері Бәсеке түрлерін анықтайтын белгілер Бақылау дәрежесі.
Жетілген - осы өнім түрін өндіретін фирмалардың саны көп; - өндірілетін өнім біртекті; -салалар арасындағы байланыстарда шектеу жоқ; - тұтынушылар мен өндірушілерде толық ақпараттың болуы. бағаларды бақылаудың жоқтығы
Жетілмеген
1. Монополия   осы өнімді тек бір ғана фирма шығарады (сала бір фирмадан құралады) бағаны бақылау жоғары деңгейде  
2. Олигополия   - осы өнім түрін шығаратын фирмалардың аз саны; - өндірілетін өнім ұқсас немесе шамалы ерекшеленеді; бағаны жартылай бықылау
3. Монополиялық бәсеке - өндірушілер саны көп; - өндірілетін өнім ерекшеленедіұқсас немесе шамалы ерекшеленеді; бағаны әлсіз бақылау

 

Монополиямен күресте мемлекет монополияға қарсы заңнамаларды пайдаланады, олар мемлекеттің пайдаланатын заңдар пакеті. Моноплияға қарсы заңнамалардың негізі АҚШ-та салынды. Олар негізгі үш заң актілеріне сүйенеді:

1. Шерман заңы (1890ж.) – бұл заң сауда моноплиясына, баға келісімдеріне тыйым салды;

2. Клейтон заңы (1914ж.) - баға дискриминациясына, әр түрлі бірлесулерге тыйым салды;

3. Робинсон- Пэтмэн заңы (1936ж.) – «баға қайшысына» тыйым салды.

Қазіргі монополияға қарсы заңдардың екі бағыты бар: бағаны бақылау және компаниялардың бірігуін бақылау.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3895. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия